"Тұран - Астана" университетінде "Мемлекеттік тілдің тағылымы мен мәртебесі" тақырыбы бойынша жан-жақты пікір алу жазасында Оразкүл Асанғазы атындағы тіл жанашырының кездесуі" болатын өтініш" бағдарламасы
Ақпан айының 26-сы күні «Тұран - Астана» университетінде Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдің тағылымы мен мәртебесі» деген тақырыпта мемлекет және қоғам қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазымен кездесу өтті. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, онда тіл саясаты мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу болды.
Кездесу барысында студенттер мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданылу барысы, латын графикасына көшудің артықшылығы туралы сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ композитор Ж. Өтегенов М. Жұмабаевтың сөзіне жазылған «Мен қазақпын» әнін орындап, студент жастарға ерекше рухани күш берді.
Кеш соңында «Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент А.Б. Донбаева Оразкүл Асанғазықызына тағылымды дәріс үшін алғыс білдіріп, тілегін айтты.