Тұран-Астана университетінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына байланысты “Ерлік мәңгі жасайды” тақырыбында көркем сөз оқу байқауы өтті.
Жаңалықтар
Кафедра "Социально-гуманитарные и языковые дисциплины"

Тұран-Астана университетінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына байланысты “Ерлік мәңгі жасайды” тақырыбында көркем сөз оқу байқауы өтті.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – тек тарихи айтулы күн ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының, ерлік пен бірліктің символы.

Аталған байқауға елорданың колледждері, мектептері мен жоғары оқу орындарынан дарынды жастар қатысты. Әр қатысушы майдангерлер рухына тағзым етіп, жүрекпен жалынды жырларын оқыды.Барлық қатысушы өзінің әсерлі өнерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сайыс қорытындысы бойынша мектептер арасындағы жеңімпаздар төмендегідей болды:

І орын - Астана қаласы әкімдігінің «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешені» КММ

ІІ орын -  Сервис туризм және колледжі

ІІІ орын - М.Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназия

Ал университет бойынша:

І орын – А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ІІ орын - Астана халықаралық университеті

ІІІ орын – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

Жеңімпаздар мен ерекше көзге түскен студенттер алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әлеуметтік ғылымдар және тілдік пәндер кафедрасы

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы