"Тұран-Астана" университетінің студенті "Алтын Домбыра" фестивалінде топ жарды
Елордада өткен қалалық "Алтын Домбыра" шығармашылық фестивалінде "Тұран-Астана" университетінің студенті Тұрсын Нұртас жоғары нәтиже көрсетті. Ис-24-1 тобының студенті Тұрсын байқауға белсенді қатысып, ерекше өнерімен қазылар алқасын тәнті етіп, 1-орынды иеленді.
Бұл фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, жас дарындардың шығармашылық әлеуетін танытуға мүмкіндік береді. Байқау барысында қатысушылар өздерінің ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, шеберлігін және орындаушылық қабілеттерін көрсетті. Тұрсын Нұртас өз өнерімен көрермендерді ғана емес, әділқазыларды да таңғалдырды.
"Осындай жоғары деңгейдегі байқауда топ жарып, жүлделі орын алу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жеңіс – тек менің ғана емес, мені қолдаған ұстаздарым мен жақындарымның да ортақ жеңісі", – дейді жеңімпаз.
"Тұран-Астана" университеті студенттерінің шығармашылық белсенділігі мен өнерге деген сүйіспеншілігі жылдан жылға артып келеді. Университет басшылығы мен оқытушылары жастардың талантын шыңдауға, олардың кәсіби дамуына барынша жағдай жасап келеді.
Тұрсын Нұртасқа алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз! Оның бұл жеңісі болашақта жаңа биіктерді бағындыруына үлкен серпін беретіні сөзсіз.