"Тұран-Астана" университетінің вице-провосты С. Смоилов Қазақстанның инновациялық дамуына арналған конференцияға қатысты
20 қаңтар күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Университет ғылымының дамуы Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті алғышарты» атты ғылыми-практикалық конференциясының ашылуы мен бірінші жұмыс күні өтті.
Конференцияның ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, ғылым мен инновацияны дамытудың және Мемлекет басшысы тапсырған әртараптандырылған, технологиялық экономиканы құрудың маңыздылығын атап өтіп, бүгінгі таңдағы университеттердің дамуы туралы атап айтты. Осы уақытқа дейін Қазақсатан Республикасында бес жетекші шетелдік зерттеу жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды. Университет ғылымын тұрақты қаржыландыру үшін 2023 жылы бес пилоттық жоғары оқу орындарында эндаумент-қорларды ашу бойынша нысаналы капитал қорлары туралы жеке заң тұжырымдамасы және жол картасы әзірленді.
Алқалы жиынға ЖОО ректорлары, ғылыми-зерттеу институтының директорлары, академик-ғалымдар, оқытушы-профессорлар мен білім алушылар қатысты.
Сонымен қатар, екі күнге жоспарланған конференция жұмысы «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «Ғылыми-технологиялық дамуды қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасы», «Инновациялық университет экожүйесі: технопарктерді, зерттеу хабтарын, инжинирингтік орталықтарды және бизнес-инкубаторларды іске асырудың табысты кейстері» секциялармен жалғасты.