Тұңғыш қазақ-ғарышкер: Токтар Әубәкіровтың ұшуы және оның ұлттық тарих үшін маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел
Жаңалықтар
Университет

Тұңғыш қазақ-ғарышкер: Токтар Әубәкіровтың ұшуы және оның ұлттық тарих үшін маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел

2024 жылдың 3 қазанында «Туран-Астана» университетінде тұңғыш қазақ-ғарышкер Токтар Аубакировтың маңызы және оның ғаышқа ұшуының ұлттық тарих үшін маңыздылғы жөнінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ғалымдар, тарихшылар, ғарышкерлер және мемлекеттік органдардың өкілдері жиналып, Т. Әубәкіровтың өміріндегі маңызды  оқиғалар мен оның Қазақстандағы ғарыштық және ғылыми дамуға қосқан үлесін талқылады.

Дөңгелек үстел қатысушылары Токтар Әубәкіровтың ұшуы Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік ғарышкерлікке де маңызды оқиға болғанын атап өтті. «Туран-Астана» университетінің ректоры Г. Джапарова Токтар Әубәкіровтың  ұшуы қазақ жастарының ғылым мен технология саласында мамандық таңдау барысынды септігін бергенін ерекше атап өтті. 

Дөңгелек үстел барысында Т. Әубәкіровтың  өмірі мен жетістіктеріне арналған баяндамалар ұсынылып, оның Қазақстанның ғарыштық бағдарламасының қалыптасуына үлкен үлесін  тигізгені талқыланды. Қатысушылар елдегі ғарыш ғылымын танымал етуге бағытталған білім беру бағдарламалары мен бастамаларды жасау маңыздылығын атап өтті.

Қорытындылау келе,  дөңгелек үстел қатысушылары «Машиналық оқытудың және жасанды интеллектінің негіздері» білім беру бағдарламасын әзірлеу мен енгізуді, сондай-ақ «Тұран-Астана» университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының мемлекеттік органдармен, жасанды интеллекті және автоматтандыру саласында қызмет ететін мемлекттік органдармен ынтымақтастығын жандандыруды ұсынған резолюция қабылдады.

 

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы