«Екі жұлдыз» конкурсы
Жаңалықтар
Разное

«Екі жұлдыз» конкурсы

«Тұран-Астана» университетінде «Екі жұлдыз» байқауы өтті.

 

 

Байқауға «Тұран-Астана» университетінің оқытушылары мен студенттерінен құралған жұлдызды дуэттер қатысты!

Наурыз мерекесіне арналған байқау жаңадан шыққан жарқын таланттарды анықтауға, студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге, Қазақстан халықтарының мәдени мұрасын сақтауға ықпал етті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы өз шешімін қабылдады:

1 орынды және «Көрермен көзайымы» номинациясын «Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Жоламан Ұлжан Шорақызы және 1 курс студенті Тілеулесов Әділхан;

2-орынды т.ғ.к., профессор Нүспеков Ерболат Лязатұлына және 2-курс студенті Маржан Ташимова;

3 орынды «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Исмаил Өмірзақ Рахымұлы мен 1 курс магистранты Қуандықова Айымгүл жеңіп алды.

Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Байқауды бизнес және ақпараттық технологиялар факультеті ұйымдастырды.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

 

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр