«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық тәсілдері» атты ұжымдық монографияның тұсаукесері
Ағымдағы жылдың 15 қазан күні профессор С.К.Жантикеевтің жалпы редакциялауымен «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық тәсілдері» атты ұжымдық монографияның тұсаукесері өтті.
«Әлеуметтік, гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасының меңгерушісі А.Б.Донбаева өзінің алғы сөзінде ғылыми зерттеулер жүргізудің және оларды осындай монографияларда көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, кафедрада ПОҚ қызметінің ғылыми және оқу-әдістемелік жарияланымдар циклінің тұсауы кесілгенін жариялады.
Тұсаукесердің салтанатты сәті ретінде жетекші ғалым, білім беру жүйесінің құрметті қызметкері Н.М. Иргебаеваның қызыл лентаны кесу рәсімі болды.
Монографияның қос авторы ретінде профессор Г.Д.Баубекова өзінің құттықтау сөзін жолдап, ғылыми ізденістер жүргізудің және монографияда ұсынылған зерттеулердің қолданбалы аспектілерін көрсетудің жоғары деңгейі атап өтті.
Тұсаукесерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін практикалық психологтар әрі ұжымдық монографияның авторлары А.Х.Сагадатова, А.У. Ермухамбетова, А.М.Фафашкина, А.С.Курманова сөз сөйледі. Психолог жұмысының әртүрлі тәсілдері мен технологиялары бойынша ұсыныс талқыланып, балаларға түзету-дамыту әсерінің динамикасы мен ықпалы көрсетіліп, сондай-ақ практикалық психологтарға ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша идеялар талқыланды.
Психология мамандығы бойынша білім алып жатқан бітіруші курс студенттері ерекше қажеттіліктері бар балалармен практикалық жұмыста психологиялық құралдарды қолдануға ерекше қызығушылық танытып, сондай-ақ олардың кәсіби бағдарлануы және елорданың түзету орталықтарында жұмысқа орналасу мүмкіндігі сынды мәселелер қозғалды.
Білімалушылардың ұсынысы бойынша, ерекше қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмыстарының тәсілдерімен танысу және зерттеу үшін ұжымдық монографияның 5 данасы университет кітапханасына берілді.
Ғылыми жұмыс бойынша жауапты PhD доктор Г.А.Жұмабекованың ұсынысы бойынша алдағы уақытта кафедрада білім беру бағдарламаларының жетекші мамандары мен студенттерін шақыра отырып, ПОҚ жарияланымдарының осындай тұсаукесерлерін жүйелі түрде өткізу жоспарланып отыр.