Есірткіге қарсы күрес: Тұран-Астана университетіндегі маңызды кездесу
Есірткіге қарсы күрес: Тұран-Астана университетіндегі маңызды кездесу
Бүгін Тұран-Астана университетінде жастардың салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған ерекше кездесу өтті. Арнайы қонағымыз – Жандос Ақтаев студенттермен есірткіге қарсы күрес тақырыбында өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, маңызды ақпарат ұсынды.
Шара тренинг форматында басталып, қатысушылар есірткі заттарының зияны мен оның қоғамға тигізетін салдары туралы тереңірек мәлімет алды. Жандос Ақтаев өз баяндамасында есірткінің адам денсаулығына және қоғам өміріне қауіпті әсерін атап өтіп, одан қалай аулақ болу керектігі туралы нақты кеңестер берді.
Тренинг барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Жандос олардың әрқайсысына жауап беріп, қатысушылармен ашық пікір алмасты. Әңгіме барысында есірткі мәселесінің алдын алу жолдары мен жастар арасында салауатты әдеттерді қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Осындай маңызды шаралар жастарға өз болашағы үшін жауапкершілік алуды үйретіп, олардың зиянды әдеттерден аулақ болуына ықпал етеді. Тұран-Астана университеті студенттерге тек білім беріп қана қоймай, олардың денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды да жалғастыруда.