«Ұлттық рухани сананың жаңғыруы және бәсекеге қабілетті жастар» конференциясы
Жаңалықтар
Университет

«Ұлттық рухани сананың жаңғыруы және бәсекеге қабілетті жастар» конференциясы

2019 жылы 22 ақпанда «Тұран Астана» университетінде «Ұлттық рухани сананың жаңғыруы және бәсекеге қабілетті жастар» тақырыбында жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің 10-шы Жоғары оқу орындары арасындағы конференциясы өтті.

Конференцияға 7 университеттің студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты: «Тұран-Астана» университеті (Астана қ.), «Тұран» университеті (Алматы қ.), Нархоз университеті (Алматы қ.), Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты (Арқалық қ.), Қазақстан инновациялық университеті (Семей қ.), Еуразия гуманитарлық институты (Астана қ.) және Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қ.).

Университеттің ректоры, профессор Г.А. Джапарова конференцияның қатысушылары мен қонақтарын құттықтап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазіргі кездегі ғылым мен инновациялардың теориялық және практикалық мәселелерінің кең ауқымын, білім беру, экономика, ақпараттық технологиялар, гуманитарлық, әлеуметтік, техникалық ғылымдардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған конференцияның мақсаты туралы сөз қозғады.

Конференцияның қонағы мен басты спикері Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің Төрағасы - Байменов Алихан Мұхамедұлы болды. Алихан Мұхамедұлы өз сөзінде қоғам, мемлекет және жаңғыру сияқты ұғымдардың терең өзара байланысын атап өтті, себебі қазақстандық қоғамның рухани және мәдени дамуы мемлекет дамуының жалпы стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.

Конференция соңында ең үздік жұмыстары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр