МУРАТОВА ГУЛЬДАНА МУРАТОВНА

МУРАТОВА ГУЛЬДАНА МУРАТОВНА

МУРАТОВА ГУЛЬДАНА МУРАТОВНА

МҰРАТОВА ГҮЛДАНА МҰРАТҚЫЗЫ, құқық магистрі

 

1989 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.

Айша-бибі атындағы Қазақ-түрік лицейінің түлегі.

2012 жылы А.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.

2015 жылы магистратураны үздік бітіріп, «Құқық магистрі» академиялық дәрежесін алды.

 

Еңбек жолы:

• 2014–2016 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында заңгер-консультант болып жұмыс істеді.

• 2016–2018 жылдары «Копбаева» жеке кәсіпкерлігінде заңгер қызметін атқарды.

• 2018–2023 жылдары А.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Заң факультеті, «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасында оқытушы, кейін аға оқытушы болып жұмыс істеді.

• 2024 жылғы мамырдан тамызға дейін ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Регулятивтік функцияларды іске асыру басқармасында» Бас сарапшы қызметін атқарды.

 

Жарияланымдары:

1. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері: теория және практика» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан (2014 ж.).

2. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін халықаралық құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбындағы жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан (6 қараша 2014 ж.).

3. А.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Ғылыми зерттеу әдістері және жариялау дағдылары бойынша оқыту» атты ғылыми-әдістемелік семинар-тренингке қатысқан (Тренер: PhD Nicolae Stanciu, Румыния, 28 қыркүйек 2018 ж.).

4. Вроцлав университетінде (Польша) 72 сағаттық дәрістерден өткен ғылыми-әдістемелік семинар-тренингке қатысқан, тақырыбы: «Ұлттық заңнамадағы халықаралық сайлау стандарттарын сақтау мәселелері» (5 қазан 2018 ж.).

5. «Конституцияның өзгеруі – уақыт талабы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, 20 қазан 2022 ж.).

6. Заң факультеті оқытушылары үшін «Business Income Taxation» тақырыбындағы қонақ дәріске қатысқан (лектор: профессор Марко Греджи, Феррара университеті).

7. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Қазақстан Республикасының босқындар мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы» тақырыбында мақала жариялаған.

8. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін халықаралық құқықтық қамтамасыз ету» атты конференцияда «Қазақстан Республикасында босқындар режимін құқықтық реттеу» тақырыбында мақала жариялаған.

9. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен «Конституцияның өзгеруі – уақыт талабы» халықаралық конференциясында «Геноцид — адам құқықтарына қарсы халықаралық қылмыс ретінде» тақырыбында баяндама жасаған.

10. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен «Конституцияның өзгеруі – уақыт талабы» халықаралық конференциясында «Құқық қолдану тәжірибесінде адам саудасына қарсы тұру жүйесі» тақырыбында баяндама жасаған.

 

Сертификаттары:

1. NOCOLAE STANCIU (PhD) сертификаты: «Ғылыми зерттеу әдістері және жариялау дағдылары бойынша оқыту» (ағылшын тілінде), 26–28 қыркүйек 2018 ж.

2. Вроцлав университетінің сертификаты, 72 сағаттық курс: «Ұлттық заңнамадағы халықаралық сайлау стандарттарын сақтау мәселелері» (5 қазан 2018 ж.).

3. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіндегі «Конституцияның өзгеруі – уақыт талабы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны туралы сертификат (20 қазан 2022 ж.).

4. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің сертификаты.

5. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің сертификаты: «ЖОО оқытушысының қашықтықтан және онлайн оқытуды ұйымдастыру бойынша құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы (9–21 қаңтар 2023 ж.).

6. Новосібір ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінің сертификаты: профессор В.Н. Лисицаның «Юриспруденция саласындағы ғылыми зерттеулер әдістемесі» тақырыбы бойынша 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы (31 наурыз – 5 мамыр 2023 ж., Ресей, Новосібір).

7. Documentolog электрондық құжат айналымы және бизнес-процестерді автоматтандыру жүйесінде жұмыс істеу бойынша курс сертификаты: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары». Сертификат №1.

8. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің конституциялық және муниципалдық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Никита Сергеевич Малютинаның дәрістері негізінде 72 сағаттық курс сертификаты: «Ресей Федерациясында және шетел елдерінде конституциялық сот процесі. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастырудағы мәселелер» (18 қазан – 29 қараша 2022 ж.).

 

Байланыс орталығы