1962 жылы 12 сәуір Қарағанды облысы
Нұра ауданы, Қантай ауылында тудым
e-mail: birgebai@mail.ru
+7-776-146-60-00
Суретші (акварель, графика, мүсін)
Дизайнер (3Д графика, полиграфия, телевидение )
Компьютерлік графика режиссері
Аниматор
Толықметражды көркем фильмдерді қоюшы-суретші
Фотограф
Актер
БІЛІМІ:
Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесі.
Мамандығы: суретші – мультипликатор.
Т. Жургенев атындағы театр-көркемсурет институты.
Мамандығы: компьютерлік графика режиссері.
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
1982-1996 жж. Ш. Айманов атындағы киностудия.
Мультцех: Заливщик, прорисовщик, мультипликатор.
Толықметражды көркем фильмдерді қоюшы-суретші.
1995- 2006 жж. Дизайнер.
Телевидение: «Дала ТВ», «ХАБАР», ҚР Президентінің Телерадиокешені
«НУР», «Қазақстан - 1» және т.б.,
Журнал: «Айгөлек», «АЙТ», «Гүлстан» және т.б.,
Баспа: «Алматы-кітап»
2010 -2011 жж. Жүргенев атындағы өнер академиясы анимация кафедрасының меңгерушісі.
2010 – 2014 жж. Ш. Айманов атындағы киностудияның анимациялық кинодағы компьютерлік графика саласындағы жетекші маман.
2014 ж. "Кино және ТВ" (ҚазҰӨУ) кафедрасы анимациялық кино бойынша аға оқытушы.
2016 ж. Қазақ ұлттық өнер университетінің "Кино және ТВ" кафедрасы меңгерушісі.
2017 ж. қыркүйегінен ҚҰӨУ "Кино және ТВ" кафедрасының доценті.
Шығармашылық көрмелерде қатыстым. 1994 жылы жеке көрме өткіздім. Жұмыстарым Нью-Йорк, Англия, Франция, Норвегия және т.б. елдердің мемлекеттік және жеке коллекцияларынан орын алған.
Кинематографистер одағының мүшесі.
Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі.
Шығармашылық жұмыстар тізімі:
1982-1994 жж. - «Қазақфильм» киностудиясында сыйлы марапатқа ие әрі танымал көптеген мультипликациялық фильмдерді жасауға қатыстым. Олар «Көкетайдың саябағы», «Қаңбақ шал», «Емен жаңғағы мен скрипка», «Қотыр торғай», «Сиқырлы айна» және т.б.
1994 ж. - Көптеген фестивальдарға қатысып әлі де өзінің өзектілігін жоғалтпаған «Сен мені ұмыт» (Әбілқайыр хан) тарихи толықметражды көркем фильмнің қоюшы-суретшісі ретінде шақырылдым.
1994 ж. - Дом Кино ғимаратында жеке көрмем өтті. Акварель, фильмдерге жасалған эскиздер, мүсін, ағаштан ою және графика.
1995 ж. - «Ұлқисса» студиясының деректі публистикалық «Қазақтар» фильмінде қоюшы-суретші және дәруіш (дервиш) рөлін сомдадым. Сонымен қатар 4 сериялы «Перекресток» телевизиялық фильмі.
1995 ж. - «Дала ТВ» студиясының алғашқы екі және үш өлшемді компьютерлі анимациялық роликтер мен заставкалар жасауға қатыстым.
1996 ж. - президент әкімшілігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенін құруға және «ҚР президенті ТРК» эмблемасын жасауға қатыстым.
1996-1997 жж. - Д.Н. Назарбаеваның шақыруы бойынша, «Хабар» телевизиялық каналының логотипын, заставкаларын, үш өлшемді анимация мен бейнероликтерін жасауға белсенді қатыстым.
1997 ж. - ҚР президенті әкімшілігі баспасөз қызметінің тапсырысы бойынша 7 минуттық «2030 - даму стратегиясы» атты компьютерлік график және барыстың үш өлшемді моделін жасадым.
1998-1999 жж. - «Сиқырлы демеуші» толықметражды балалар көркем фильміне кинопленкадағы алғашқы компьютерлік әсерлер (эффект) және республикалық коммерциялық телевидение мен көптеген жарнама роликтері мен клиптарға заставкалар.
1994-2007 жж. - Жарнамалық, әлеуметтік роликтерде суретші әрі актер ретінде қатыстым. Мысалы, «Банк Империал», «Президент сайлауы» т.б.
2000 ж. - Г.Ю. Рутковскаяның «Глазами сердца» атты кітабын безендірдім.
2000 ж. - «Қазақстан-1» республикалық телеканалды толығымен безендірдім.
2000-2001 жж. - ҚР Президенті ТРК-нің шақыруы бойынша сызықсыз монтажбен жабдықтау әрі қамтамасыздандыруға және елдің аймақтары мен маңызды мемлекеттік іс-шаралар жайлы деректі фильмдер сериясын жасауға қатыстым.
2001-2003 жж. - «Айгөлек» журналының көркемдік редакциясы, дизайн, суретшілерді іріктеу, беттеу, фото және т.б.
2004-2006 жж. - көркемдік редактор, дизайн, суретшілерді іріктеу, беттеу, фотосуреттер таңдау, жабдықтау және журнал, студия, баспаларға кеңес беру әрі оқыту («Қазақфильм», «Алматы кітап», «Гүлстан», «Айт», «Өнер», «Көкше-университет» мультипликациялық студиясы және т.б.).
2007-2008 жж. - толықметражды этнография анимациялық «Ертөстік» фильмі мен мектепке дейінгі балаларға арналған «Балық бақша» көпсериялы телесериалы.
2009 ж. Аманжол Айтуаровтың «Елім-ай» көркем фильмінде Абылай Ералиннің рөлін сомдадым.
2010-2011 жж. - Т.Жүргенев атындағы өнер академиясында анимация кафедрасының меңгерушісі.
2013 ж. - «Офицер ары» («Честь офицера») көркем сериалында Абай Аброев рөлін сомдадым.
2014 ж. ҚазҰӨУ ректоры Айман Қожабекқызы Мұсаходжаеваның шақыруы бойынша «Кино және ТВ» кафедрасы анимациялық киноның аға оқытушысы.
2014 ж. , 19 желтоқсан - Жеке көрме: мүсін, графика, фотография, полиграфия. Астана. Есепті жеке көрме Қазақ ҰӨУ «Кино және ТВ» кафедрасының кинопавилионында өтті. Көрме қонақтары ағаштан жасалған 5 мүсін, 40 графикалық жұмыс пен әр түрлі стиль мен жанрдағы 60 фотосуретті көріп, бағалап әрі талқылады.
2016 ж., мамыр - Жеке көрме: мүсін, графика, фотография, полиграфия. Анимация, кино, компьютерлік графика және жарнамалық роликтегі, көркем фильмдерде сомдаған рөлдерім жайлы 29 минуттық фильм. Қарағанды. Облыстық көркемсурет музейі.
2016 ж. - Қазақ Ұлттық өнер университеті «Кино және ТВ» кафедрасының меңгерушісі.
Сентябрь 2017. Доцент қазақ Ұлттық өнер университеті «Кино және ТВ» кафедрасының. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, «Шәкен жұлдыздары», «Евразия», «Жебе» және тағы да басқа көптеген ғылыми практикалық конференция, фестиваль және іс-шараларға белсенді қатысамын.
Отандық және халықаралық ұйымдар марапаттаған сертификат және грамоталарым бар. Дүниежүзілік балалар күніне арналған плакат үшін БҰҰ атынан грамотамен марапатталдым. Әлеуметтік желіде, газет, журналдарда және телевидениеде шығармашылығым жайлы ақпарат бар.