Тоқтар Әубәкіровтың атаулы стипендиясы "Тұран-Астана" университетінде Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ұшқыш - ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА Академигі Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлының атаулы шәкіртақысының иегерлеріне сертификаттарды тапсыру ХІ салтанатты рәсімі өтті..
Алматы қаласы «Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы ұйымдастырған М.Мақатаевтың шығармашылығы бойынша «Жырласам ба екен» республикалық өнер және білім байқауының қорытындысы шығарылды.