Тоқтар Әубәкіровтың атаулы стипендиясы
Жаңалықтар
Университет

Тоқтар Әубәкіровтың атаулы стипендиясы

Тоқтар Әубәкіровтың атаулы стипендиясы "Тұран-Астана" университетінде Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ұшқыш - ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА Академигі Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлының атаулы шәкіртақысының иегерлеріне сертификаттарды тапсыру ХІ салтанатты рәсімі өтті..

Атаулы стипендия ең дарынды және қабілетті студенттерді қолдау үшін тағайындалған, оның мақсаты – студенттердің академиялық және ғылыми жетістіктерін көтермелеу ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби қызметінің одан әрі бағытын таңдауда сенімді болуға көмектесуге бағытталған.

Биылғы жылы байқауға барлығы 29 студент жіберіліп, 5 студент жеңімпаз атанды. Балалардың әрқайсысы әртүрлі бағыттар бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді, бірақ оларды білімге деген ұмтылыс біріктіреді.

"Тұран-Астана" университетінің ректоры Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова өзінің құттықтау сөзінде залда оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде үздік жетістіктері үшін өз марапаттарына ие болған үздік студенттер жиналғанын атап өтті, сондай-ақ оларға жаңа ғылыми жаңалықтар, жарыстар мен конкурстарда жеңістер тіледі.

Тоқтар Оңғарбайұлы атаулы стипендия иегерлеріне сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті. Стипендиаттарға арнаған сөзінде Тоқтар Оңғарбайұлы бұл балалар "біздің университеттің мақтанышы"екенін атап өтті.

Әрбір атаулы стипендияның артында "Тұран-Астана"университетінің тарихында өз ізін қалдыратын тұлға тұр. Атаулы стипендия иегерлеріне оқуда табыс тілейміз. Құрметті балалар, ақылды, білімді, ынталы болу - бұл сіздің барлық бастамаларыңыздың жетістігінің кепілі, ешқашан қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмаңыздар, сенімді алға ұмтылыңыз және жаңа мақсаттарыңызға жетіңіздер!

 

 

 

 

 

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр