24.09.2021 ж. "Тұран-Астана" университетінің студенттері, магистранттары үшін ерекше күн болды. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың және халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгеревамен әсерлі кездесу өтті. Қазақ поэзиясына жүректен төгілген нәзік лиризммен сананы сілкіндіретіндей шыншыл сезім әкеліп ажарландырған, көктемдегі ақжауындай түр берген Ақұштап Бақтыгереева жырларының жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні де зор.