Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Сман Айсана Сманқызы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай құрметті медальмен конституциялық және мемлекеттік құрылыс салада қызметтері үшін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің залында марапатталды.
«BILIM ORKENIETI» ұлттық инновациялықғылыми зерттеу орталығымен ұйымдастырылған «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2020» атты Республикалық байқауында «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының оқытушысы Махметова Дарига Ордабаевна жеңімпаз болып атанған, төс белгімен және І дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқаудың мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау.
18 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Неліктен жастар арасында патриотизм сезімін оятуымыз керек?» атты ІІ дәстүрлі жас көшбасшылар форумы өтті. Форум «ТАУ» университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл іс шараға республика ЖОО көшбасшылары қатысып патриотизмді дәріптей отырып баяндама жасады