ІІ дәстүрлі жас көшбасшылар форумы
Жаңалықтар
Активности

ІІ дәстүрлі жас көшбасшылар форумы

18 қараша күні, сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Неліктен жастар арасында патриотизм сезімін оятуымыз керек?» атты ІІ дәстүрлі жас көшбасшылар форумы өтті.

Форум «ТАУ» университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл іс шараға республика ЖОО көшбасшылары қатысып патриотизмді дәріптей отырып баяндама жасады.

Форумның мақсаты «Ел ертеңі — патриот жастар, ал жастар — біздің болашағымыз» екенін көрсету болды. Қазіргі қазақ жастары еліміздің болашағы, өздерінің қолдарында екенін түсінсе екен дейміз. Ата-бабамыз аманат етіп кеткен қазақ елін, қазақ жерін, одан әрі дамытып, «Мен қазақпын, мен патриотпын» деген сөзді бостан бос емес, мақтана айтса екен дейміз. Неде болса, «ештен кеш жақсы» дейді ғой. Жастарымыз алдағы уақытта, патриоттық сезімді толығымен ұғынып, өз елдерін мақтан тұтып, «Еліме пайдамды тигізейін» деген мақсатпен өмір сүреді деп үміттеміз... Еліміздің 2030 жылы Азия Барысына айналар ел болуына, әлемдегі өркениетті елу елдің қатарына қосылуына үлес қосар-саналы да тәрбиелі, білімді жастар. Ендеше халқымыздың өркениет көкжиегіне көтерілуіне үлес қосудан кеш қалмайық. Халқымызның түзеліп ел болуына әлі де кеш емес, Біз айтқан бүгінгі әңгіме бос емес

Қатысушылар тізімі:

Нурпеисов С.Е. – «ТАУ» университетінің әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректоры.
Каиржанов Т.С. – «ТАУ» университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы
Тастемир А.Ө. - Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы.
Тенгебаев А.Е. – «Қазақстан студенттер Альянсы» Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы.
Жандилдаев Б.Б. – «Жас Отан» жастар қанаты елордалық филиалының төрағасы.
Ормаганбетов Диас – «Қазақстан-Британ техникалық университеті», Алматы қаласы.
Жақсылықов Мират – «Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті», Семей қаласы.
Жолдасова Анар – «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті», Көкшетау қаласы.
Самекова Русана – «Павлодар педагогикалық университеті», Павлодар қаласы.
Байғара Айша – «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті», Нұр-Сұлтан қаласы.
Күлмұханбетов Азат – «Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті», Нұр-Сұлтан қаласы.
Рифхат Сунғат – «Қазақ технология және бизнес университеті», Нұр-Сұлтан қаласы
Имашева Әйгерім – «Қаржы академиясы», Нұр-Сұлтан қаласы.
Жұмабеков Әнуар - «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»,

Нұр-Сұлтан қаласы.

Есжанов Сержан – «ТАУ» университеті, Нұр-Сұлтан қаласы.

 

Форум соңында барлық қатысушылар ТАУ университетінің ректорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр