Бизнес және ақпараттық технологиялар факультеті "Педагогика және психология" кафедрасының 3 курс студенті Алимкулова Мадина "USTAZ TILEGI" республикалық ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған Халықаралық Психологтар арасында өткен олимпиаданың І дәрежелі дипломымен марапатталды. Жетекшісі "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы Жолшыбекова Р.О.
Апталықтың іс-шаралар жоспары бойынша ҚТӘ-19-1 тобы "Қазақстан Республикасының үш тілді сасясаты: болашағы мен кейбір мәселелері" атты тақырыпта пікірлерін ортаға салып, ана тілден басқа да орыс және ағылшын тілдерін меңгерудің тиімді жақтары жөнінде ойларын жеткізді.
«Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Дусанбекова Мөлдір Ашырбекқызы «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен «Қазақстан педагогтарының алтын кітабы» атты республикалық байқауға қатысып I дәрежелі жеңімпазы атанды.