«TAU» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2-курс студенттері Тілдер мерекесі апталығын ұйымдстыруда
Жаңалықтар
Кафедра "Социально-гуманитарные и языковые дисциплины"

«TAU» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2-курс студенттері Тілдер мерекесі апталығын ұйымдстыруда

Қыркүйектің 16-күні «ТАУ» университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен Тілдер мерекесі апталығының алғашқы күні өтті. Апталықтың іс-шаралар жоспары бойынша ҚТӘ-19-1 тобы "Қазақстан Республикасының үш тілді сасясаты: болашағы мен кейбір мәселелері" атты тақырыпта пікірлерін ортаға салып, ана тілден басқа да орыс және ағылшын тілдерін меңгерудің тиімді жақтары жөнінде ойларын жеткізді. Іс-шараны Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректор С.Е.Нұрпейісов салтанатты түрде ашты. Сол сияқты «Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасының доценттері Т.Абжаков, Ж.Искакова, аға оқытушы С.Рүстимова сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығына назар аударды. Студенттер тақырып бойынша қызығушылық білдіріп, белсенділік танытты.


Кафедра доценті Ж.Е.Күзембаевтың ұйымдастыруымен «Аударма ісі-18-1» тобы студентерімен бірге өткізілген «Қазақ тілі – мемлекеттің тұғырлы тірегі» атты іс-шарамен Тілдер мерекесі жалғасын тапты. Студенттер тарапынан әлем тілдері туралы ғылыми баяндамалар жасалып, пікір алмасылып, қызу талқылаулар болды. Сонымен қатар әлемдегі тілдер жөнінде көптеген ақын-жазушылардың өлеңдері мәнерлеп, нақышына келтіріле оқылып, әсем әндер құлақ құрышын қандыра шырқалды. Және де жүргізушілер тарапынан адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен тілдер туралы басқа да қызықты фактілер көпшілік назарына ұсынылды.

 

Бүгін, қыркүйектің 18-күні «Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасында Тілдер мерекесі аясында ҚТӘ-18-1 тобының ұйымдастыруымен әлем тілдері туралы «Бір минут» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тілдердің маңыздылығын сезіндіру және ана тілінің қадір-қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін жас буынға өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру. Интеллектуалды ойын барысында студенттер «Білгіштер» және «Тапқырлар» атты екі топқа бөлініп, әлемдегі тілдер бойынша әртүрлі қызықты сұрақтарға тез ойланып, шапшаң жауап берді. Ұйымдастырушылардың құрастырған өте қызықты, танымдық сипаты мол сұрақтарына студенттер зор қызығушылықпен жауап беріп, ойынға белсенді түрде қатысты. Нәтижесінде топтардың алған ұпай сандары есептеліп, жеңімпаз топ анықталды, ең қызығы – екі топ та бірдей ұпай жинады. Студенттердің дайындығы, жауапкершілігі, дүниетанымдары кең болуы себепті іс-шара да аса қызықты өтті.

«Тілдер апталығы» аясында «Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасында 18 қыркүйек күні аға оқытушылар Ж.Б.Төлегенова және А. Р.Өмірзақова ZOOM бағдарламасында «Әр тілдің өз ерекшеліктері бар» атты іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: студенттердің тілге деген құрметін, оларды білуге деген ұмтылысын арттыру, толерантты тұлғаны қалыптастыру.

Аталған іс-шарада Аударма ісі-20-1/2, Аударма ісі (УС) -20-1 тобының студенттері үш тілде бейнежазба түсіріп, 13 түрлі шет тілдерінің ерекшеліктерін көрсетті, сондай-ақ өз бейнежазбаларын Абайдың 175 жылдығына арнады. Шараға факультеттің 1-курс студенттері қатысты. Іс-шараға қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.


22.09.2020 күні «Тұран-Астана» университеті Гуманитарлық-заң факультеті Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасының доценті А.Ш.Асқарова 1-курс «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерімен Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесіне арналған «Ана  тілім – тұғырым» атты  онлайн поэзия жарысын өткізді. Жастардың тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында 1-курс студенттері  тіл тақырыбындағы өлеңдерді мәнеріне келтіре оқыды. Үздік орындаған Абылқайров Айдар 1-орын, Рахматуллаева Нурсауле 2-орын, Қазыкен Толқын 3-орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, онлайн жарысқа қатысып, белсенділік танытқан 10 студентке алғыс хат табысталды.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы