Семинарда түлектерді жұмысқа орналастыру, практика мен тағылымдамадан өту базасын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. «Біз біргеміз» еріктілер жылының аясында Нұр-Сұлтан қаласында тегін заңгерлік көмек және кеңестер беру іс-шараларына Әділет департаментінің қызметкерлерімен бірге қатысу мақсатында Әділет департаментінің бөлімдерінде тағылымдамадан өту үшін студенттер тобы құрылды.
Жақында елордамызда “Birgemiz” атты еріктілердің республикалық фронт-кеңсесінің ашылуы өтті. Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев Еріктілер жылының аясында ресми түрде еріктілердің фронт-кеңсесінің ашылуын жариялады.
Байқауға 40-тан астам өтініш келіп түсті, олардың ішінде 10 жоба іріктеліп алынды. Байқауға TAU университеті,С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттері және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистранты,сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласы мектептерінің оқушылары қатысты. Қатысушылар нарықтың әр түрлі сегменттерінде қатаң бәсекелестік жағдайында талап етілуі мүмкін инновациялық идеялармен бөлісті.