ТАУ университетінің студенттері мен магистранттары Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті базасында ғылыми кеңес беру семинарына қатысты
Жаңалықтар
Кафедра "Национальное и международное право"

ТАУ университетінің студенттері мен магистранттары Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті базасында ғылыми кеңес беру семинарына қатысты

ТАУ университетінің студенттері мен магистранттары Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті базасында ғылыми кеңес беру семинарына қатысты. Семинарға қатысқандар: Тленчиев А.Т., Нұр-Сұлтан қаласының әділет басқармасының бастығы; Еркінұлы Әділ, «Нұр-Сұлтан  қаласының әділет департаментінің қызметі туралы» баяндамамен; Артыкова А.К. - Даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы НИИС қызметі туралы қысқаша шолумен; Батырбекова А.Б. - өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер бөлімінің бастығы, «Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» Халықаралық патенттік жүйе» баяндамасымен;

Шидербеков С.А. - авторлық құқық бөлімі бастығының орынбасары «Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық негіздері» баяндамасымен; Турганова Г.К. - Тауар таңбалары, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің бас сарапшысы «Тауар таңбалары мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау», «Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу» баяндамасымен; Барсукова Р.А., Тұран-Астана университетінің Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының профессоры.

Семинарда түлектерді жұмысқа орналастыру, практика мен тағылымдамадан өту базасын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. «Біз біргеміз» еріктілер жылының аясында Нұр-Сұлтан қаласында тегін заңгерлік көмек және кеңестер беру іс-шараларына Әділет департаментінің қызметкерлерімен бірге қатысу мақсатында Әділет департаментінің бөлімдерінде тағылымдамадан өту үшін студенттер тобы құрылды.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы