ЮП 16-2 тобының студенті Қайдарова Заря С.М. Иманбаевтың ғылыми жетекшілігімен «Қазақстан Республикасындағы медиация: психологиялық және құқықтық қолдау» тақырыбындағы мектеп оқушылары мен студенттерінің арасында халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының «Жас - Зерттеуші» конкурсына қатысып, «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері» аталымы бойынша 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Халық қаһарманы, қолбасшы Қабанбай батырға арналған дәстүрлі еске алу турнирі және самбодан Қазақстан Республикасының Кубогі аяқталды. 17 жыл қатарынан Семей қаласында өтетеін дәстүрлі турнирге Қазақстанның әр аймақтарынан 10 команда, еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық балуан қатысты. Спортшылар 9 салмақ дәрежесінде жеке және командалық есепте жарысты.
Қаңтардың 11 жұлдызында «Жас зерттеуші/Zhas zertteushi» атты Халықаралық конкурсына "Педагогика және психология" кафедрасының студенттері қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Ұйымдастырушылар арасында «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» «Халықаралық ынтымақтастық департаментінің "International students' council office" шетелдік білім алушыларды бейімдеу және қолдау орталығы» (ЦАПИО), Ресей білім беру академиясының "психологиялық институты" ММББФ, Мәскеу қ. (Пи РАО) және «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті», «Философия және саясаттану факультетінің психологиялық инновациялар мен технологиялар орталығы бар
2019 жылғы 16 қарашада Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының кезекті XX сессиясы өтті. Сессияда Академияның жаңа мүшелерін сайлау туралы мәселе қаралды. "Тұран-Астана" университеті байқауға қатысуға психология ғылымдарының кандидаты, "Педагогика және психология" кафедрасының профессоры Жантикеев Серік Қырықбайұлы ұсынды.
"Педагогика және психология" кафедрасының профессоры Баубекова Гүлзира Джураевна "Педагогический лидер" басылымымен ұйымдастырылған "Педагогикалық жоба" атты Бүкілресейлік байқауға қатысып, "Роль женщины в современном обществе: проблемы, возраждение и распростронение национальных традиций" атты ғылыми мақаласы үшін 1 орын алды.