ТАУ университетінің студенті Сәтова Аружан Самбо Қазақстан чемпионатында алтын медаліне ие болды
Халық қаһарманы, қолбасшы Қабанбай батырға арналған дәстүрлі еске алу турнирі және самбодан Қазақстан Республикасының Кубогі аяқталды. 17 жыл қатарынан Семей қаласында өтетеін дәстүрлі турнирге Қазақстанның әр аймақтарынан 10 команда, еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық балуан қатысты. Спортшылар 9 салмақ дәрежесінде жеке және командалық есепте жарысты.
Жоғары нәтижені Т-19-2 тобының студенті біздің Сотова Аружан 64 кг салмақта көрсетіп бірінші орынды жеңіп алды! Біздің спортшымызға «Қазақстанның спорт шебері» спорттық атағы берілді! Жаттықтырушы - Дүйсекенова Жанар Болатқызы. Екінші жаттықтырушы - Мұстафин Қанат Сұлтанғазинұлы.
Жарыстың үшінші күні командалық ойындар өткізілді, мұнда Аружан Қызылорда облысы командасының атынан жарысып, тұғырға көтеріліп екінші орынды иеленді!
Ұйымдастырушылардың айтуынша болашақта самбодан ең мықты палуандар республиканың ұлттық құрамасына еніп, халықаралық турнирлерде еліміздің намысын қорғайды.
Аружанды жеңісімен құттықтай отырып, одан әрі табыстар тілейміз !!!