ДОКТУРАНТУРА (Ph.D.)
«8D04101-Экономика» мамандығы бойынша.
Докторантураға экономика магистрі дәрежесі және кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар тұлғалар қабылданады.
Докторантураға түсушілер университетке келесі құжаттарды тапсырады:
Докторантураға түсу үшін құжаттар тізімі:
Перечень документов для поступления в докторантуру:
- 1) еркін нысандағы өтініш;
- 2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
- 3) жеке басын куәландыратын құжат;
- 4) шет тілін білуді растайтын сертификат:
1.Ағылшын:
- IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл – кемінде 5,5;
- TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 46;
- TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – кемінде 453;
- TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program), шекті балл – кемінде 460;
2.Неміс тілі:
- Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/деңгейі B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/B2 деңгейі);
3. Француз тілі:
- TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B2 деңгейінен төмен емес),
- DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - деңгей B2,
- DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - B2 деңгейі ,
- TCF (Test de connaissance du français) – кемінде 50 балл;
- 5) ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама.
- 6) жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған жеке кадрлық есеп парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
- 7) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жоспары, эсселер және басқа құжаттар) тізбесі;
- 8) Kaz test сертификаты (кез келген нәтижемен)
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2022 жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызы аралығында.
Қабылдау емтихандарын тапсыру мерзімі 2022 жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін
Докторантураға қабылдау 28 тамызға дейін.
ҰТО негізінде қабылдау емтихандары:
- Эссе – 10 ұпай
- Докторантураға дайындық тесті – 30 балл
- Білім беру бағдарламасының тобының бейіні бойынша емтихан – 40 балл
Университетке түсу емтихандары:
- Сұхбат – 20 ұпай
- Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантураға түсу үшін өту балы 100 баллдан 60 балл, ақылы негізде 50 балл.
Қабылдау емтихандарына тіркелу ҰТО сайтында жеке мәліметтерді толтыру, ЖОО және білім беру бағдарламасын таңдау, түсу емтиханын тапсыратын орынды таңдау арқылы жүзеге асырылады. ҰТО өңірлер бойынша түсу емтихандарының кестесін қалыптастырады. Емтихандардың күні мен уақыты талапкерлерге түсу емтиханы басталғанға дейін 3 күн бұрын хабарланады.