Академиялық адалдық - жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық) орындау кезінде, емтихандағы жауаптарда, зерттеулерде, өз ұстанымын білдіруде, академиялық қызметкерлермен, оқытушылармен және басқа студенттермен өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалауда студенттің шыншылдығын білдіретін құндылықтар мен қағидалар жиынтығы.
Академиялық адалдық принциптері:
1) адалдық
2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру
3) ашықтық
4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу
5) теңдік
Академиялық адалдықтың бұзылуына жол бергені үшін білім алушылар мен ПОҚ, университет қызметкерлері жауап береді.
Академиялық адалдық қағидаларын бұзу шаралары:
Әділдікті алғашқы анықтау - актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, кінәлілерді кафедра отырысына шақыру, қайта тапсыру құқығы.
Әділдікті қайта анықтау (3 жағдайға дейін) – актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, қайта тапсыру құқығынан айыру, жазғы сесияға қалдыру.
Академиялық адалдық қағидаларын 3-тен артық бұзушылық болса - актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, университеттен шығару.
Қорытынды аттестаттауда академиялық адалдық қағидалары бұзылса, плагиат, қосарланушылық, көшіріп алушылық фактілері туралы материалдар мамандық бойынша МАК-қа ары қарай шешім қабылдау үшін жіберіледі.
Жүктеу және танысу: