Іс-шараға қатысқыңыз келе ме?
Қатысушы формасын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің қатысуыңызды растау үшін, біз Сізге жақын арада хабарласамыз.
Өте қызықДата | 2019 ж. 22 ақп. |
Құрметті әріптестер және жас ғалымдар!
2019 жылы 22 ақпанда Астана қаласындағы «Тұран Астана» университетінің базасына ҰЛТТЫҚ РУХАНИ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖАСТАР тақырыбында жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің 10-шы Жоғары оқу орындары арасындағы конференциясы болады.
Конференцияның мақсаты – қазіргі кезеңдегі ғылым мен инновацияның теориялық және тәжірибелік мәселелерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім беру, экономика, ақпараттық технологиялар, гуманитарлық, әлеуметтік, техникалық ғылымдардың дамуын кең көлемде талқылау.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
Конференцияның ресми тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.
Конференцияға қатысу формалары:
Конференцияға қатысудың екі түрі бар – күндізгі және сырттай.
Күндізгі қатысушы баяндамасын электронды түрде10 ақпанға дейін жібереді (бағдарламаға ену үшін) және сертификат беріледі, баяндама жасаған қатысушылардың жүлделі болу мүмкіндігі қарастырылған.
Сырттай қатысушылар баяндаманы электронды форматта15 ақпанға дейін жібереді.
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне өтініш (қосымша 1), мақала мәтінін (қосымша 2) және төлем төленгені туралы түбіртекті мына электронды мекенжайға maxyutova@tau-edu.kz 2019 жылдың 15 ақпанына дейін жіберу керек. Конференцияның қорытындысы бойынша мақалалар жинағы шығарылады.
Ұйымдастырылу жарнасы:
Ұйымдастыру және баспа шығындарын жабу үшін тіркелу жарнасы:
- «Тұран-Астана» Университетінің, НархозУниверситетінің және «Тұран» Университетінің бакалавр студенттері үшін -1000 теңге,
- «Тұран-Астана» Университетінің, НархозУниверситетінің және «Тұран» Университетінің магистранттары үшін - 3000 теңге,
- басқа ұйымдардан қатысатындар үшін - 3000 теңге болады.
Төлем жарнасы «Тұран-Астана» Университетінің есеп шотына «Конференцияға қатысу үшін» деген ескертпемен мына төмендегі реквизит бойынша аударылу керек:
Университет «Туран-Астана»
Фактический адрес: 010000, г.Астана ,ул. Ы.Дукенулы, 29
БИН 031140004668
Кбе 17
АО "Народный Банк Казахстана"
БИК HSBKKZKX
ИИК KZ636017111000012140
Ұйымдастырушылар:
Конференцияның ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі, 29, «Тұран-Астана»Университеті, Ғылым және коммерциализациялауДепартаменті, 216 каб. Телефон: 8 (7172) 398118 (ішкі.108).
E-mail: maxyutova@tau-edu.kz
Қосымша 1
тіркелу формасы
Аты, жөні, тегі |
|
ЖОО-ныңатауы |
|
Мекенжайы |
|
Телефон, e-mail |
|
Ғылыми мақаланың атауы |
|
Секция |
|
Конференцияға автордың келу мүмкіндігі |
|
Қосымша 2
ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ
5-7 бет көлеміндегі ғылыми мәтін Word мәтіндеу редакторындаTimesNewRomanшрифімен DOCформатында жазылып, шриф көлемі 12 пт, қатараралық интервал – 1, барлық жиектер – 2 см, азат жолдың басталуы – 1,25 см болуы керек.
Бірінші қатардың сол жағының бұрышында УДК индексі жазылады. Бір қатардан кейін оң жақ бұрышында автордың аты жөні толық жазылады. Келесі қатарда – ұйымның, қаланың атауыжәне автордың электрондық мекен-жайы жазылады. Бір қатардан кейін ортасына бас әріптермен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қарамен айқындалып жазылған мақаланың атауы жазылады. Негізгі мәтін бір қатардан кейін басталады.
Түйіндеме және тірек сөздер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылаы. Ғылыми әдебиеттерге сілтемелер цитатадан кейін тік жақшаның ішіне нөмерленіп беріледі.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУДІҢ ҮЛГІСІ
УДК 539.42
Садықов Марат Ерланұлы
«Экономика и инновациалық бизнес» кафедрасының магистранты
«Тұран-Астана» Университеті,
Астана қаласы, ҚазақстанРеспубликасы
e-mail:
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., Б.М. Искаков
e-mail:
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ФАКТОРЛАРЫ
ФАКТОРЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РОСТА
FACTORSOFECONOMICGROWTH
Аннотация. Мақалада экономикалық өсу мәселесі талқыланды. …
Түйінді сөздер: экономикалық өсу,…
Аннотация. В статье рассмотрена проблема экономического роста в. …
Ключевыеслова:экономическийрост,…
Annotation. The articleconsiderstheproblemofeconomicgrowthin Kazakhstan.…
Keywords:economicgrowth, …
Макроэкономикада экономикалық даму үдерісін өлшеудің қиындықтарымен байланысты тек қана экономикалық өсімге талдау жасалынады, бірақ бұл негізгі көрсеткіш болғанымен экономикалық даму үдерісі көрсеткіштерінің біреуі ғана[1].
Әдебиеттер: