Разное
«Тұран-Астана» университетінің студенттері университеттің ғана емес, жалпы елорданың қоғамдық өміріне де белсенді қатысады. Жақында Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Қазақстан жастарының конвенті» жеке қоры Нұр-Сұлтан қаласының жастары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша байқау өткізді, оған ТАУ студенттері де қатысты.
76 қатысушының ішінен 1 орынға үздік бейнеролик үшін 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен университеттің Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының УС ЮП 20-2 тобының студенті Абди Шерхан иеленді.