Жаңалықтар
Университет

 Құрметті оқытушылар!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті дәстүрлі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсын жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары өз құжаттарын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі (universitycontest.iac.kz) арқылы тапсырады.

Конкурстың I кезеңі 2022 ж. 1 қарашасында басталып, 10 қарашаға дейін жалғасады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін үміткерлер universitycontest.iac.kz сайты арқылы келесі құжаттарды тапсыруы керек:
1) «ЖОО-ның үздік оқытушысы» конкурсына қатысуға бекітілген үлгідегі өтінім;
2) сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (соңғы 5 жылдағы мәліметтер);
3) жылдық жұмыс жоспарының кестесі;
4) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

I кезеңі бойынша апелляцияға беру мерзімі – 11-15 қараша аралығы.

Байқаудың II кезеңі 2022 ж. 17 қарашасында басталып, 3 желтоқсанына дейін жалғасады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest.iac.kz сайтында жарияланады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда a.mansurov@edu.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызға болады

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр