1 қыркүйекке арналған салтанатты жиын
Жаңалықтар
Университет

1 қыркүйекке арналған салтанатты жиын

Құрметті бірінші курс студенттері, сіздерді "Тұран-Астана" университетіне оқуға түсуіңізбен құттықтаймыз! Сіздерді алда университет қабырғасындағы жарқын сәттерге толы ұмытылмас студенттік шақ кезеңі күтіп тұр. Сіздерді жаңа оқу жылының басталуын атап өтуге шақырамыз!

Жаңа оқу жылының басына орайластырылған дәстүрлі салтанатты жиын 1 қыркүйекте өтеді. Басталуы сағат 10:00-де.

Жаңадан оқуға түсуші студенттерге арналған салтанатты концерт Астана қаласы Ы.Дүкенұлы көшесі 29 (А Корпусы) оқу корпусының акт залында өтеді. Концерттен кейін сізде барлық сұрақтарыңызға жауап беретін және оқу процесіне қатысты мәліметтерді түсінуге көмектесетін университет кураторларымен таныса аласыздар.

Сонымен қатар, университет кампусына экскурсия ұйымдастырылады. Сіз кафедралармен, зертханалармен, кітапханамен және басқа да оқу-ғылыми нысандарымен таныса аласыз. Осындай экскурсия біздің университеттің қалай жұмыс істейтінін және студенттер үшін қандай мүмкіндіктер бар екенін жақсы түсінуге көмектеседі.

Сіздің  "Тұран-Астана" Университетінде  сапалы білім алып, болашақта табысты маман болуыңызды  тілейміз!

Киім формасы: классикалық киім дресс-коды.

Сабақтар кесте бойынша 4 қыркүйектен басталады.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр