11-сынып оқушыларының қатысуымен «Рухани жаңғыру – заманауи Қазақстанның философиясы» атты дөңгелек үстел
Жаңалықтар
Активности

11-сынып оқушыларының қатысуымен «Рухани жаңғыру – заманауи Қазақстанның философиясы» атты дөңгелек үстел

2020 жылдың 4 қарашасында ZOOM платформасында «Тұран-Астана» университетінің 1-2-курс студенттері және № 68 орта-мектебі мен №66 мектеп-лицейнің 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Рухани жаңғыру –  заманауи Қазақстанның философиясы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Модераторлары философия.ғ.к., доцент Құрманова Сауле Бахитжановна, филология.ғ.к., доцент Асқарова Алтынай Шаулиевна. Іс-шара қонақтары: «Астана» Халықаралық Университет вице-президенті з.ғ.д., профессор Амандықова Сауле Кошкеновна және № 68 орта-мектебі мұғалімі Жұмашева Рабиға Айтбаевна және Төрткарина Гүлбағира Сайлаубековна.

«Астана» Халықаралық Университет вице-президенті, з.ғ.д., профессор Амандықова Сауле Кошкеновна алғашқылардың бірі болып сөз сөйледі.

Іс-шара барысында  Искалиева Салтанат, Алиева Арайлым, Ангашынова Адэма «Рухани жаңғыру – Қазақстанның ХХІ ғасырдағы философиялық концепциясы», Барлыбаева Гульден  «Алжир – казахстанский Освенцим», Қанатқызы Мадина: «Ұлы даладағы қазақ металлургиясы», Кумарбеков Алем «100 новых лиц: Ахмет Байтурсынов», Маканова Диана «Қабанбай батыр кесенесі», Губайдуллина Карина, Зейноллаева Айдана «100 жаңа есім: Шахан Жоласбаев – «Пандус» жобасының авторы, спортшы, кәсіпкер және Майтеков Қайрат Амангелдіұлы – кәсіпкер» атты тақырыптарда баяндама жасады, тыңдармандар тарапынан сұрақтар қойылып, аталмыш мәселелер кеңінен талқыланды. Дөңгелек үстел соңында 1-курс студенті Қосай Жұпар М.Мақатаевтың «Туған жер» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы