20-қазан күні ҚР Ұлттық музейінде ҚР Көркем академиясының 15 жылдығына және Көркем сурет Академиясының тұңғыш Президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Л. С. Оразбекованы еске алуға арналған халықаралық көрме өтті.
Жаңалықтар
Университет

20-қазан күні ҚР Ұлттық музейінде ҚР Көркем академиясының 15 жылдығына және Көркем сурет Академиясының тұңғыш Президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Л. С. Оразбекованы еске алуға арналған халықаралық көрме өтті.

20-қазан күні ҚР Ұлттық музейінде ҚР Көркем академиясының 15 жылдығына және Көркем сурет Академиясының тұңғыш Президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Л. С. Оразбекованы еске алуға арналған халықаралық көрме өтті. Халықаралық көрменің салтанатты ашылуына "Дизайн"мамандығының студенттері мен ПОҚ қатысты. Көрмеде көрерменге графика, кескіндеме және сәндік - қолданбалы өнердің 180-нен астам туындылары ұсынылды.

 

Халықаралық көрме аясында өткізілген дөңгелек үстелде "Тұран-Астана" университетінің наука және инновация бойынша вице-провості  з.ғ. к. Смоилов С. Ж. құттықтау сөз сөйлеп, "Дизайн, сервис және туризм" кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Г. С. Каримова баяндама жасады. Көрменің ашылуында ҚР Сенатының төрағасы М.С. Әшімбаев, Мәдениет және спорт министрі Д. Ә. Абаев, Астана қаласының әкімі А. С. Көлгінов және өнер академиясының президенті А. А. Ақанаев сөз сөйледі.

ҚР Көркем Академиясын одан әрі дамыту, әлемдік аренада мәдениетті ілгерілету, басқа елдермен тығыз ынтымақтастық, сондай-ақ жас ұрпақты креативті ойлауға тарту мәселелері қозғалды.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы