8D04101 «Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)
Жаңалықтар
Университет

8D04101 «Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

Тұран-Астана университетініне «Экономика» мамандығы бойынша докторантураға түсу көптеген артықшылықтар мен даму мүмкіндіктерін береді. Беретін мүмкіндіктер мен артықшылықтар:

  • Докторантура сізге ғылыми ортаға енуге, зерттеуге деген құштарлығыңызды бөлісетін және ғалым ретінде дамуыңызға көмектесетін академиялық ортаның адамдарымен бір ортада болуыңызға  мүмкіндік береді.
  • Біліміңізді жетілдіріп, зерттеу проектілерге қатысу: экономика саласына үлес қосуға мүмкіндік беретін жеке ғылыми жобаларыңызбен жұмыс жасайсыз.
  • Қызметтік өсу мүмкіндігі: экономика саласы бойынша докторлық дәреже алу, осы саладағы  сарапшы маман ретіндегі беделіңізбен құрметіңізді арттырады.
  • Практикалық үлес қосу мүмкіндігі: Докторантура сізге экономика мен қоғам алдында тұрған нақты мәселелер мен қиындықтарды шешу үшін біліміңіз бен зерттеу дағдыларыңызды қолдануға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, экономика ғылымдары бойынша докторантураға оқуға түсу,  зерттеуге және мансаптық өсуге көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Сіз экономика ғылымының дамуына үлес қоса аласыз және өз салаңызда  таныла аласыз.

8D04101 «Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

Оқу мерзімі: 3 жыл.

Оқу формасы: күндізгі.

Оқыту тілі: қазақ, орыс.

Оқыту шарттары: оқыту мемлекеттік гранттар бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады.

Докторантураға түсу үшін құжаттар тізімі:

1) Өтінішті еркін формада жазу;

2) Білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);

3) Жеке басын куәландыратын құжат;

4) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:

  1. Ағылшын тілі

IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті  балл кемінде -  5,5;

TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті  балл кемінде -  46;

TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті  балл кемінде – 453;

TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program), шекті  балл кемінде – 460;

  1. Неміс тілі

Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NiveauВ2/В2 деңгейінен төмен емес), TestDaF-Prufung (Niveau В2/ В2 деңгейінен төмен емес);

  1. Француз тілі:  TFI (Test de Franзais International™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;  DELF (Diplome d’Etudes en Langue franзaise) –  B2 деңгей,  DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise) –  В2 деңгей,  TCF (Test de connaissance du franзais) – 50 баллдан кем емес;
  2. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
  3. жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
  4. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);
  5. ҚАЗТЕСТ сертификат  (кез келген нәтиже)

Докторантураға ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ

Докторантураға құжаттар 3 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады. Қабылдау емтихандарын тапсыру мерзімі 4 тамыздан 20 тамызға дейін. Докторантураға қабылдау 2023 жылдың 28 тамызына дейін.

Барлық сұрақтар бойынша «Тұран-Астана» университетінің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз. Құжаттарыңызды күтеміз және сізді қуана қарсы аламыз!

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы