АЛМАТЫДАН КЕЛГЕН ҒАЛЫМДАРДЫҢ "ТҰРАН-АСТАНА" УНИВЕРСИТЕТІНЕ САПАРЫ
"Тұран-Астана" университетіне Алматы қаласынан «Ғылыми және оқу салаларындағы аударма сапасын бағалау" ғылыми жобасымен жұмыс істейтін зерттеушілер тобы келді, олардың құрамында ф.ғ.д., профессор Жұмабекова Айгүл Қазкенқызы (ғылыми жетекші), ф.ғ. к. Шенгелбаева Нұржамал Рахымжанқызы, PhD Алдабергенова Айым Алдабергенқызы, магистр Мұхитов Арупжан Зумратович бар.
2023 жылғы 6 қарашада жоба қатысушылары филология бойынша қазақ тіліне аударылған оқулықтардың сапасын сырттай бағалауды анықтау үшін "Аударма ісі" мамандығының студенттеріне әлеуметтік лингвистикалық сауалнама жүргізді.
10 қарашада профессор А.К. Жұмабекованың "Қазақстандағы аударма сапасын бағалаудың өзекті мәселелері" тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәріскер сонымен қатар өзінің "Қазіргі аударматану" оқулығының тұсаукесерін өткізді. Талқылау барысында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және тілдік пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері бұл еңбек аударма ісі мамандығы бойынша өзекті оқулық болып табылатынын айтып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кең теориялық және практикалық материалдан тұратын құнды еңбек деп жоғары баға берді. Кездесу соңында екі жоғары оқу орындарының оқытушылары әзірлеген оқулықтар бір-біріне табысталып, алдағы уақытта шығармашылық байланыс орнатылатыны жайлы айтылды.