"Аударма ісі" мамандығының 2 курс студенті Ақмарал Зупар гір спортынан Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Жаңалықтар
Университет

"Аударма ісі" мамандығының 2 курс студенті Ақмарал Зупар гір спортынан Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

"Тұран-Астана" университетінің "Аударма ісі" мамандығының 2 курс студенті Ақмарал Зупар Петропавл қаласында өткен гір спортынан Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Ол сонымен қатар 24 кг салмақты 201 рет көтеріп, елдің рекордын жаңартты! 68 кг салмақ дәрежесінде Ақмарал жарыстың алтын медалін жеңіп алып, еліміздің үш дүркін чемпионы атанды.

Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысты.

Сәуір айында Ақмарал Ташкенттегі Азия чемпионатына қатысады деп күтілуде, шын жүректен құттықтаймыз және Өзбекстанда жоғары деңгейде өнер көрсетуді тілейміз!

Дерек: Ақмарал 14 жасынан бастап Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр