«АУЛ» БАС КЛАСТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫ ДАМУЫНЫҢ ҮМІТТІ ЛОКОМОТИВІ" АТТЫ ТАҚЫРЫПҚА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
27 қаңтар күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Аул» бас кластері – Қазақстан қоғамы дамуының үмітті локомотиві» атты ғылыми – тәжірибелік жобаның тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел болып өтті. Аталған жобаның авторы экономика ғылымдарының докторы, «Тұран – Астана» университетінің профессоры, «Тұран» білім корпорациясының вице – президенті Әлиев Орақ Жолмырзаұлы болып табылады.
Аталған шараға ҚР Парламенті депутаттары, ҚР экономика, ауыл шаруашылығы, қаржы министрліктерінің жауапты қызметкерлері, «Аманат», «Ауыл»,«Байтақ» партиясының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми – зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары шақырылған болатын. Дөңгелек үстел қатысушылары еліміз азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған тек ауыл болғандықтан, ауыл тұрғындары үшін өмір сапасын арттыру қажеттілігі туралы пікірді қолдауда бірлік танытты.