#BizBirlikteyiz
Жаңалықтар
Университет

#BizBirlikteyiz

        Соңғы күндері әлемнің барлық назары Түркия мен Сирияға аударылды, 
онда көптеген адам шығыны мен инфрақұрылым нысандарының жаппай 
жойылуына әкеліп соқтырған ірі жер сілкінісі тарихи және мәдени 
ескерткіштерді қиратты.
 
     «Тұран-Астана» университеті ұжымының атынан және өзімізден барлық түрік 
және сирия халқына терең көңіл айтамыз, зардап шеккендердің тезірек сауығып 
кетуіне тілектеспіз және бүкіл әлемдік қоғамдастық ретінде университет ұжымы 
зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
 
      Гуманитарлық көмек пен көңіл айту кітабы Түркия Республикасының 
Қазақстандағы елшілігіне жеткізілді.
 
Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр