Босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарына өтініштерді қабылдау жарияланады.
Құрметті студенттер мен магистранттар!
Босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарына өтініштерді қабылдау жарияланады.
Өтініштер 2024 жылдың 20 қаңтарына дейін қабылданады.
Қызығушылық танытқан студенттер мен магистранттар тиісті деканатқа хабарласа алады немесе өтініш жазып, оны сканерленген түрде электронды пошта арқылы жібере алады.
Өтінішті жіберу керек ЭЛЕКТРОНДЫҚ АДРЕСІ:
E-mail: Гуманитарлық және құқық мектебі - m.narbinova@tau-edu.kz;
Бизнес және ақпараттық технологиялар мектебі - r.aimkulov@tau-edu.kz.
Байқауға келесілер өтініш бере алады:
- 6В06101 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының бакалавриаттың үшінші курс студенттері - (1 грант);
- 7М01102 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасының бірінші жыл оқитын ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттары –
(1 грант).
Қатысу шарттары:
- Ақылы негізде оқитын студенттер қатысады;
2. Сессия қорытындысы бойынша берешегі жоқ;
3. «F» бағасы бар студенттер бос білім гранттарына үміткер бола алмайды;
4. Іріктеу критерийлері: жоғары GPA.
Келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Студенттің GPA балын жалпыға қолжетімді жерде жариялауға келісімі туралы өтініші;
2. Транскрипттен үзінді;
3. Жеке куәліктің көшірмесі.
«Тұран-Астана» университетінің әкімшілігі