Дизайн, сервис және туризм департаменті білім беру бағдарламаларын әзірлеуге жұмыс берушілерді белсенді түрде тартады
2023 жылдың 26 қаңтарында «Тұран-Астана» университетінің қабырғасында «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы «Туризм» және «Мейрамхана және қонақүй бизнесі», «Дизайн», «Сәндік өнер және этникалық дизайн» мамандарын даярлау бағытындағы білім беру бағдарламаларын талқылаған дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар туризм, мейрамхана, қонақ үй бизнесі және дизайн қызметі саласындағы мамандарды даярлауға қызығушылық танытқан негізгі мүдделі тараптар болды. Сонымен жұмыс берушілер қатарынан келесі ұйымдардың жетекшілері қатысты: Балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы – Абенов М.Г., «Ахан» ЖК – Айтуаров Е.С., «Talisman Travel Company» туристік компаниясы – Қабжанова Т., «RA Inc» ЖШС-і – Әмірбекова А.А., «ДизАрх» ЖК – Батирбекова Н.У., «ТасПлюс» ЖШС-і – Абдыгалиева А.Т., «Fantasy Tours» туристік компаниясы – Мамаева Р.Н., «ONE hotel Astana» қонақ үйінің қызметкері – Бекин Б.Е., Балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының «Туризм» басқармасының басшысы – Кенжеғалиев А.А. Білім беру бағдарламаларын талқылауға кафедраның студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы да белсене қатысқанын атап өткен жөн.
Әлеуетті жұмыс берушілер ұсынылған бағдарламаларды талқылай отырып, қазіргі заманғы түлектерде көргісі келетін негізгі сипаттамаларды анықтап, «Сату және жылжыту психологиясы», «Нұсқаулық қызмет», «Сату технологиясы», «Қонақ үйді автоматтандыру» сияқты пәндерді білім бағдарламаларына қосуды ұсынды. «Дизайн» білім бағдарламаларына сандық бағдарламаларды қолданумен байланысты бір қатар курстар ұсынылды.
Жалпы, білім беру бағдарламаларын талқылау туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, сондай-ақ дизайн саласындағы кадрларды даярлаудың негізгі басымдықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Бағдарламаларды әзірлеу процесіне енгізуге мүдделі тараптарды тарту жұмыс берушілердің негізгі қалауларын анықтауға және студенттердің үміттерін бағалауға мүмкіндік берді.