«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы Ғылым күніне орай ғылыми семинар өткізді
Жаңалықтар
Кафедра "Дизайн, сервис и туризм"

«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы Ғылым күніне орай ғылыми семинар өткізді

      2023 жылдың 12 сәуірінде «Тұран-Астана» университетінің 
қабырғасында «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы «Қазақстан 
Республикасында қонақжайлылық кәсіпорындарының қызметінде 
цифрлық технологияларды қолданудың заманауи мәселелері мен 
тенденциялары» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырып, өткізді.
     Семинар спикері ретінде э.ғ.к., кафедра доценті Мизамбекова Ж.Қ. 
болды. Семинар барысында туризм және қонақжайлылық саласында 
заманауи инновациялық технологияларды қолданудың өзекті 
мәселелері қарастырылды.
      Семинар жұмысына «Тұран-Астана» университетінің жетекшілері, 
қызметкерлері, оқытушылары, магистранттары мен студенттері белсене 
қатысты, атап айтқанда ғылым және инновациялар жөніндегі вице-
провост С.Ж. Смойлов, «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының 
меңгерушісі э.ғ.к. Н.В. Кабашева, кафедра доценті, б.ғ.к. С.Н. Атикеева, 
аға оқытушылар С.К. Салменова, А.С. Байзакова, Е.Е. Галиакбаров. 
       Жалпы алғанда, өткізілген семинар тек туризм саласын ғана емес, 
сонымен қатар қазіргі қоғам өміріндегі қонақжайлылық индустриясын 
дамытудың маныздылығы талқыланған нәтижелі алаңға айналды.
       «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы болашақта да осындай 
ғылыми іс-шараларды белсенді өткізуді және осы арқылы ұлттық 
туристік өнімді зерттеу және насихаттауға бағытталған орталыққа 
айналуды көздейді.

 

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы