«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы оқу үдерісіне шетелдік профессорларды белсенді түрде тартуда
Жаңалықтар
Университет

«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы оқу үдерісіне шетелдік профессорларды белсенді түрде тартуда

Тұран-Астана университетінің қабырғасында 2023 жылдың 04 сәуірінде 
«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы «Туризм» және «Қонақ үй және 
мейрамхана бизнесі» бағыты бойынша оқыйтын студенттерге Варна 
қаласындағы Экономикалық университетінің профессоры Вилиян 
Крастевтың (Болгария) «Болгариядағы туризмді дамытудың ерекшеліктері» 
тақырыбында дәрісін ұйымдастырып, өткізді. География ғылымдарының 
докторы, профессор Вилиян Крастев – Еуропа елдеріндегі заманауи 
туризмнің даму мәселелерін зерттеумен айналысатын Болгариядағы 
белгілі ғалымдардың бірі. Бүгінде ол Ресей мен Қазақстанның алдыңғы 
қатарлы білім беру орталықтарымен белсенді ынтымақтастық атқарады.
Дәріс барысында профессор Еуропа елдеріндегі туризм секторының даму 
ерекшеліктері, қатал турбулентті жағдайда жаһандық туристік индустрияның даму перспективалары туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-
ақ Варна қаласының Экономикалық университеті мен Тұран-Астана 
университеті арасында ынтымақтастықты қалыптастыру бағыттары 
бойынша сөз қозғады.
Кафедрада профессорларды, практиктерді, сарапшыларды кездесулер мен 
дәрістерге шақыру кеңінен жүргізілетінін атап өту керек. Бұл студенттерге 
болашақта тиімді кәсіби іс-әрекетті жүргізу үшін қажетті білім мен 
дағдыларды жинақтауға мүмкіндік береді.

 

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы