«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы «Тұран-Астана» университетінің 25 жылдығын атап өтуде
Жаңалықтар
Кафедра "Дизайн, сервис и туризм"

«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы «Тұран-Астана» университетінің 25 жылдығын атап өтуде

      Бүгін, 2023 жылдың 4 сәуірінде Тұран-Астана университетінің 
қабырғасында «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы Қазақстанның 
белгілі шеберлерінің суреттері мен «Дизайн» және «Сәндік өнер және 
этнодизайн» мамандықтары студенттерінің шығармашылық 
жұмыстарының көрмесін өткізді. Атаулы көрме «Ұлы дала өнері» 
тақырыбында өтті және  «Тұран-Астана» университетінің 25 жылдығына 
арналған. 
       Көрмеге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Қазақстан 
Республикасы суретшілер одағының мүшелері Е.С. Айтуаров, Ж.Қ. 
Мүсәпір, А.С. Баяндин және т.б. атақты тұлғаларымыз қатысты.

Көрменің негізгі экспонаттары университеттің А корпусының фойесінде 
қойылды. Ұсынылған туындылар түрлі жанрда орындалып, 
қазақстандық қоғам өмірінің сан алуан қырларын қозғады. Айта кету 
керек, көрме аясында Е.С. Айтуаров, Ж.Қ. Мүсәпір мен А.С. Баяндин 
«Дизайн» мамандықтарының студенттеріне және басқа да келушілерге 
шеберлік сабақтарын өткізді.

       Студенттердің шығармашылық жұмыстары да көпшілік назарына 
ұсынылып, келушілердің ерекше назарына ілікті. Әрбір студенттің 
жұмысы бөлек жанр аясында орындалған жарқын, ерекше сурет 
нысанында жасалған. Осы жерде айта кететін жайт, студенттердің 
шығармашылық жұмыстары іс-шараларға қатысқан еліміздің еңбек 
сіңірген қайраткерлерінен оң пікірлер алды.

         Көрмеге өз жұмысын ұсынған әрбір қатысушы мен студентке 
«Тұран-Астана» университетінің ректоры Г.А. Джаппаровамен алғыс 
хаттар мен сертификаттар табыс етілді.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы