«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы еңбек нарығындағы өз түлектеріне деген сұранысты арттыруға бағытталуда
2023 жылдың 15 ақпанында кафедрада студенттер мен профессорлық-
оқытушылық құрамы үшін «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ
директорының орынбасары Анар Шаймұхановамен кездесу
ұйымдастырылды. Отырыс барысында «Туризм» және «Мейрамхана және
қонақүй бизнесі» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын
студенттерді сертификаттау мәселелері қарастырылды.
Кафедра еңбек нарығында орын алып жатқан тенденцияларды үнемі
қадағалап отырады және өз түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға ұмтылады. Бүгінгі таңда сертификаттау студенттердің
университетте оқу барысында алған дағдыларын дәлелдеуге арналған
құралдардың бірі болып табылады. Қауымдастық өкілі студенттер мен
педагогикалық ұжымды «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ,
«Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы» ЗТБ
және «Туризм және қонақжайлылық саласындағы сертификаттау
орталығы» ЖШС-ы сияқты ұйымдардың қызметімен жан-жақты
таныстырды. Сонымен қатар, Анар Шаймұханова білім алушыларды
аттестациялау тәртібі туралы толық ақпарат берді.
Сонымен қатар, кездесу барысында кафедра мен жоғарыда аталған
бірлестіктер арасындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу, тәжірибені
ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бойынша өзара
ынтымақтастыққа қол жеткізу мәселелері қарастырылды.