Испаниядағы Малага қаласында ТАУ университетінің профессоры Абишева К.М. кітабының тұсаукесері өтті
Жаңалықтар

Испаниядағы Малага қаласында ТАУ университетінің профессоры Абишева К.М. кітабының тұсаукесері өтті

Клара Мухамедиярқызы қарашаның 3 мен 9 аралығында өткен "Еуропалық және Азиялық мәдениеттерінің үйлестірілуі" атты халықаралық семинарға қатысты.

Профессордың еңбегінде адамның ақпараттық және мәтіндік кеңістігінің қауіпсіздік мәселелеріне деген автордың көзқарасын білдіру жолдары ұсынылған, қазіргі қоғамның өнегелік және мәдени ортасы экологиясының мәселелері талқыланған, оны сақтап қалуда үрей туғызатын қауіп-қатер; қоғамдағы түбегейлі өзгерістер жағдайындағы адам санасының өзгеру шарттарын зерттеудегі авторлық тәсілдер зерттелінген (нарықтық қарым-қатынастардың өсуі, модернизмнен кейінгі ділдің, көпшілік мәдениеттің әсері, «жаңа адамдар» атты қоғам топтарының қалыптасуы, постмодернисттік ділдің дамуы, гедонизм қағидаларының дағдыландыруы, қоғамдық бейнешілік негізінде орнатылған «біздер-олар» деген қоғамдық қарым-қатынастардың орнатылуы, қаражат, есірткі, билік, материалдық құндылықтардың өмірлік құлдығына еліктіру), осының бәрі рухани көзжетімнен, өз зияткерлік қабілеттерді жоғарлатудан бас тартуға әкеп соқтырады;  «рентабельді адамдардың» әлем көрініс құндалақтарының репрезентация амалдары қарастырылады, олардың әумесерлік мінез-құлықтары бейнеленеді, кейіпкер мен оның өмірінің авторлық бағалау әдістеріне (тілдік бірліктер, бейнелер, концепт, сөз бейнелер) назар аударылады.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр