«Қонақ үй және мейрамхана бизнесі» білім беру бағдарламасының студенттері шетелде тағылымдамадан өтті
Бүгінгі таңда студенттердің отандық және шетелдік ұйымдар базасында өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастыру кәсіби дағдыларды тиімді дамытудың бір критерийі болып табылады.
УсРГБ -21-1 тобының студенттері Абисалиева Меруерт, Чакуева Назжан, Мұратбек Айым, Бахтияр Бексұлтан, Әбілек Саламат түрік кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибе екі қалада өтті: Фетхие (Letoonia қонақ үйі) және Алания (Utopia Resort&Residence, Utopia Beach Club).
Тәжірибе барысында студенттер көптеген жаңа мәліметтер алды және басқа елдің қағидалары мен ережелерімен танысты, негізгі туристік орындарды көруге мүмкіндік алды, сонымен қатар осы елдің тілін үйренді. Тағылымдама барысында тренингтер мен тәжірибе алмасу процестері белсенді түрде жүргізілді.
Жалпы, бүгінгі таңда «Тұран-Астана» университетінде студенттердің практикалық құзыреттіліктерін тиімді дамыту үшін түрлі жаңа әдістер қолданылады. Олардың ішінде: дуальды оқыту жүйесін белсенді қолдану, кәсіпорын өкілдерін оқытуға тарту, тәжірибе базасын арттыру және т.б.