Құқық Негіздері Бойынша Олимпиада Қорытындысы
Жаңалықтар
Университет

Құқық Негіздері Бойынша Олимпиада Қорытындысы

2023 жылдың 24 сәуірде «ТАУ» Университетінде Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары арасында құқық негіздері бойынша олимпиада өтті.

Астана қаласы мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында құқық негіздері олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы ережеге сәйкес үш жүлделі орынға ие болған қатысушылар жеңімпаздардың дипломдарын, сондай-ақ «TAU» университетінде 2023-2024 академиялық жылы оқуға ректордың* грантын алады! 

2-ші төрт жүлдегер атанған қатысушылар оқуға 50% жеңілдік* иегері атанды. 

Жүлдегерлердің үшінші үштігі «TAU» университетінде оқуға 30 % жеңілдік алады.

*Ескертпе: жоғарыда көрсетілген гранттар мен жеңілдіктер алу үшін қатысушы ҰБТ бойынша кемінде 95 балл жинауы тиіс

Аты - жөні

Мектеп атауы

Ұпай саны

Жүлделі орын

1

Хегай Эвелина

№ 53 мектеп-лицейі

29

Ректор Гранты

2

Нурхасинова Айганым

№30 жалпы білім беретін мектеп

25

50% жеңілдік

3

Жуматаев Адиль

№ 9 мектеп-гимназиясы

23

30% жеңілдік

4

Галиакбарова Аделя

№7 жалпы білім беретін мектеп

23

30% жеңілдік

* Грант (100%) және 50-30% жеңілдіктер бірінші оқу жылына беріледі. 

Одан әрі гранттың қолданылуы студентте қайта тапсыру сессиясының қорытындысы бойынша "B", "С", "D" және "F" бағалары болмаған және халықаралық және республикалық жарыстарда, конкурстар мен олимпиадаларда жүлделі орындар алған жағдайда автоматты түрде ұзартылады.

Университет олимпиаданың барлық қатысушыларына қызығушылық танытқаны және белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді!

 
Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр