"Құқықтану" ББ, "Халықаралық құқық" ББ, "Экономиканы құқықтық реттеу" ББ әзірлеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел
Жаңалықтар
Университет

"Құқықтану" ББ, "Халықаралық құқық" ББ, "Экономиканы құқықтық реттеу" ББ әзірлеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел

           " Ұлттық және халықаралық құқық" кафедрасының профессор-
оқытушылық құрамы  жұмыс берушілермен ұйымдастырған дөңгелек 
үстелге ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті анықтау басқармасының 
бастығы, полиция полковнигі М. М. Қабдуалиев, ҚР ІІМ көліктегі полиция 
департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы, полиция 
полковнигі Н. Жұмабеков, Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция 
басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі 
Ж. Б. Жақыпов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі 
аға тергеушісі А. К. Құдайбергенова, ҚР ІІМ көліктегі полиция 
департаментінің ІІО бойынша аға анықтаушысы, полиция подполковнигі Т. 
Базарбаева,  Астана қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік 
бөлімінің бас маманы К.Байбутаев, Астана қаласы бойынша Экономикалық 
тергеу департаментінің ІІО бойынша жедел уәкілі А.Асанова, сондай-ақ 
студенттер мен магистранттар қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар 
өзекті мәселелерді талқылап, білім бағдарламасын  жаңарту арқылы оқу 
процесінің сапасын қамтамасыз етуді, сондай-ақ озық технологияларды 
пайдалана отырып, оқытудағы сапаны қамтамасыз ету процестерін 
жетілдіруді қарастырды.
Білім бағдарламасын әзірлеуге қойылатын талаптардың сипаттамасы, 
сондай-ақ еңбек нарығының заманауи үлгілері, түлектерге және олардың 
құзыреттеріне қойылатын талаптар талқыланды. Дөңгелек үстел 
жұмысының нәтижелері бойынша жұмыс берушілердің қажеттіліктерін және
университет студенттері мен магистранттарының кәсіби тәжірибесін ескере 
отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына өзгерістер енгізілді.

 

 

 

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы