Көлік картасы туралы ақпарат (18 жасқа толмағандарға)
Жаңалықтар
Университет

Көлік картасы туралы ақпарат (18 жасқа толмағандарға)

Көлік картасы туралы ақпарат (18 жасқа толмағандарға)

Жақында жаңа оқу жылы. Касса кезегін болдырмас үшін қазірден бастап мектептің көлік картасын алуларыңызды сұраймыз.

Өздеріңіз білетіндей, елордада Астана қаласы мен қала маңында тұратын 18 жасқа дейінгі оқушылар үшін тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Ол үшін сізде мектептің көлік картасы болуы керек және осы карта арқылы автобуста жол жүру ақысын төлеуіңіз қажет.

Мектептің көлік картасын екі жолмен алуға болады: Р.Қошқарбаев 50/1 даңғылы бойындағы орталық кассадан немесе www.transcard.kz. (онлайн) сайтынан.

Тіркеу үшін сізге төмендегі құжаттар қажет: ЖСН-мен туу туралы куәлік (жеке куәлік), оқу орнынан анықтама (студенттің оқып жатқанын растау туралы), 3х4 формасындағы бір  фотосурет.

Мектептің көлік картасын алу құны - 1000 теңге. Қайта алу - 2000 теңге.

Ақпарат танысу үшін берілді.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр