«Мәшһүр Жүсіп поэзиясының көркемдік әлемі» атты республикалық деңгейдегі дөңгелек үстел
Жаңалықтар

«Мәшһүр Жүсіп поэзиясының көркемдік әлемі» атты республикалық деңгейдегі дөңгелек үстел

Рухани жаңғыру-ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сәуірдің 23-і күні ТАУ университетінің «Әлеуметтік-гумманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп поэзиясының көркемдік әлемі» атты республикалық деңгейде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Семей қаласындағы  Қазақ инновациялық гуманитарлық заң  университетінің т.б. Мәшһүртанушы ғалымдары, студенттері, докторанттары қатысып, ақынның шығармашылығы төңірегіндегі ойларын ортаға салып, ғылыми пікір алмасу болды.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. 

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр