Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара
Жаңалықтар
Университет

Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара

5 қазан күні сағат 12:00-де "Тұран-Астана" университетінде Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға университет ректоры Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова, ҚР Қарулы күштері жоғары қолбасшылығының өкілі Абай Бөлекпайұлы Тасболатов, университеттің проректоры және оқытушылар құрамы қатысты.

Осы айтулы шарада ректор университеттің барлық оқытушылары мен қызметкерлерінің толайым еңбектеріне алғыс айтып, жүрекжарды құттықтау сөз сөйледі. Ол ұстаздардың білім берудегі маңызды рөлін және студенттердің болашағына қосып жүрген үлестерін ерекше атап өтті.

Университет басшысы еңбегімен ерекшеленген педагогтарға қоғамның дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті.

Салтанатты құттықтау TAU университеті студенттерінің өнерлерімен жалғасты.

Бұл іс-шара ұстаздар қауымына да, жалпы білім беруге де қолдау болды. Ұстаздарға, қызметкерлерге, әріптестерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде толағай табыс тілейміз!

Мереке құтты болсын, қадірлі ұстаздар!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр