«ONE WORLD-ONE LIFE» халықаралық жастар балы - Астанадағы қысқы ертегі
18 желтоқсан күні The Ritz Carlton, Astana қонақ үйінде Жастар жылы аясында «ONE WORLD-ONE LIFE»халықаралық жастар балы өтті. Бұл жобаның басты ұйымдастырушысы - Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы. Осы шараға еліміздің белгілі мәдениет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар ТАУ университетінің студенттері қатысты.
Астанамыздың жастарымен бірге «One world – one life» балына Ресей, Қытай, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Әзірбайжан, Украина, Индонезия және басқа елдерден келген дебютанттар ниет білдірді. Кеште бал қатысушылары жергілікті және халықаралық деңгейдегі жұлдыздармен би биледі.
Жобаның мақсаты – дүниежүзілік қоғамдастықты қазақ халқының тарихымен, әдет-ғұрып салт-дәстүрлерімен, астанамыздың сәулеті мен көрнекі жерлерімен таныстыру. Университетіміздің атынан қатысқан дебютанттардың айтуынша, бал жоғары деңгейде өтіп ұмытылмас әсер қалдырды. Сонымен қатар дебютанттар Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарынан алғыс хат алды. Келешекте де осы жоба шеңберінде алынған дағдыларды студенттер көрсете алады деп үміттенеміз.