Полиция генерал-майоры «Тұран-Астана» университетінде дәріс оқиды
Осы аптада "Тұран-Астана" университетінде ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Санжар Аскенұлы Әділовтің ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша дәрістер топтамасы басталды.
Дәріс тыңдаушылары - "Құқықтану" білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері.
Санжар Аскенұлы дәріс барысында студенттерге өзінің білімімен және тәжірибесімен бөліседі. Кафедра меңгерушісі Рита Анатольевна Барсукованың пікірінше, еліміздің тергеу органдарында үлкен тәжірибесі бар Санжар Аскенұлының дәрістер циклі, студенттердің қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы жағдайларды шығармашылық тұрғыдан шешу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Осы орайда айта кету керек, кәсіби мамандардың дәрістер циклінің жобасы кездейсоқ құрылған жоқ. "Тұран-Астана" университеті көптеген мемлекеттік құрылымдармен, ұлттық компаниялармен және кәсіпорындармен бірлескен жемісті жұмыс атқаруда. Практик-оқытушыларды тарту тәжірибесі болашақ мамандар даярлаудың сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталғаны сөзсіз.